19
Желтоқсан
2014
"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы.
"Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қаңтарда № 10115 тіркелді.Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған "Алтын белгі" белгісі туралы" ереже бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпаратты технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралында және "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйеде ресми жариялауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Саринжипов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігнің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532 бұйрығымен бекітілген |
"Алтын белгі" белгісі туралы
Ереже
1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 22) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Алтын белгі" белгісімен негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының оқу бағдарламаларына сәйкес 5 (6) – сыныптан бастап 11 (12) сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" баға алған, 10 (11) – сыныптан бастап 11 (12) - сыныпқа дейінгі оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" баға алған білім алушылар марапатталады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Алтын белгі" белгісімен білім алушыларды наградтау білім беру ұйымы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.06.2017 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Алтын белгі" белгісімен марапаттау салтанатты жағдайда өткізіледі.
5. Заңның 26-бабының 5-тармағына сәйкес "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың конкурс өткізу кезінде білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауда басым құқығы бар.
6. "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы заңнамада белгіленген тәртіппен денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орнын таңдаған жағдайда, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.
7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларға қолданылады.
8. "Алтын белгі" белгісін дайындау осы Ережеге қосымшаға сәйкес "Алтын белгі" белгісінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Алтын белгі" белгісі туралы Ережеге қосымша |
"Алтын белгі" белгісінің сипаттамасы
"Алтын белгі" белгісінің диаметрі 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.Белгінің бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерілген ашық кітап бейнеленген. Осы бейненің үстіңгі жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгі" жазба контуры, ашық кітап және лавр бұтағының бейнелері бедер түрінде 1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгінің артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.
Об утверждении Положения о знаке "Алтын белгі"
Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 532. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 января 2015 года № 10115.Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра просвещения РК от 07.08.2023 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
1. Утвердить прилагаемое Положение о знаке "Алтын белгі".
2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";
3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;
4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Имангалиева Е.Н.
5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Министр | А. Саринжипов |
Утверждено приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 532 |
Положение о знаке "Алтын белгі"
1. Настоящее Положение разработано в соответствии с подпунктом 22) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее - Закон).Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 07.08.2023 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
2. Знаком "Алтын белгі" награждаются обучающиеся, получившие аттестат с отличием об основном среднем образовании, имеющие в соответствии с учебными программами основного, общего среднего образования или учебными программами Автономной организации образования "Назарбаев интеллектуальные школы" годовые и итоговые оценки "5" по всем предметам в период учебы с 5 (6) по 11 (12) классы, четвертные оценки "5" по всем предметам в период учебы с 10 (11) по 11 (12) классы, прошедшие итоговую аттестацию по завершении общего среднего образования на оценку "5".
Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 07.08.2023 № 248 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
3. Награждение обучающихся знаком "Алтын белгі" производятся приказом руководителя организации среднего образования, автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы".
Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 13.06.2017 № 278 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
4. Награждение знаком "Алтын белгі" производится в торжественной обстановке.
5. В соответствии с пунктом 5 статьи 26 Закона лица, награжденные знаком "Алтын белгі" при проведении конкурса имеют преимущественное право на получение образовательных грантов, а также на зачисление в состав учащихся по государственному заказу на подготовку кадров с техническим и профессиональным, послесредним и высшим образованием.
6. В случае выбора в установленном законодательством порядке высшего учебного заведения, где предусмотрены специальные требования по состоянию здоровья, награжденный знаком "Алтын белгі" может быть зачислен только при соответствии здоровья специальным требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
7. Настоящее Положение распространяется на учащихся организаций образования, реализующих в установленном порядке общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, независимо от типа, вида, форм собственности и ведомственной подчиненности.
8. Изготовление знака "Алтын белгі" осуществляется в соответствии с описанием знака "Алтын белгі" согласно приложению к настоящему Положению.
Приложение к Положению о знаке "Алтын белгі" |
Описание знака "Алтын белгі"
Знак "Алтын белгі" представляет собой окружность диаметром 30 мм, изготовляется из специального сплава металлов меди и цинка - Л 80.На лицевой стороне знака - изображение раскрытой книги, обрамленное снизу лавровой ветвью. Выше этих изображений выступает золотая надпись: "Алтын белгі". Контуры надписи "Алтын белгі", изображений раскрытой книги и лавровой ветви выступают вперед на 1 мм в виде рельефа.
На обратной стороне знака изображен Государственный герб Республики Казахстан, обрамленный надписью "Қазақстан Республикасы".