нормативтік құжаттар нормативные документы » КГУ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
"Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің"
Бородино орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная:
+7 (772335) 5-58-17
Бухгалтерия:
+7 (772335) 5-58-17
Нашар
көрушілер нұсқасы
нормативтік құжаттар нормативные документы
31
Қаңтар
2018

нормативтік құжаттар нормативные документы

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өскемен қаласы, 2017


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бұл құрал мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелеріне арналған.
Әдістемелік құрал мемлекеттік рәміздерді қолдану, насихаттау  және даярлау мәселелерін; мемлекеттік рәміздерді орналастыру және ауыстыру ережелері бойынша ұсынымдарды қамтиды.
Мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің басшыларына және қызметкерлеріне арналады. 
 
 
 
 


 
СОДЕРЖАНИЕ
I.         МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ. 4
II.       МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ  ҚОЛДАНУ, НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНА ШОЛУ.. 5
III.    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. 9
IV.    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ. 31
V.      МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ, ЕЛТАҢБАНЫ АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОЮ ТӘРТІБІ. 33
VI.     МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ  ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
 ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ... 34
VII.   ЕЛТАҢБАНЫҢ БЕЙНЕСІ БАР МӨРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР.. 36
VIII. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН  МӨРЛЕРДІ, МӨРТАБАНДАРДЫ ЖӘНЕ БЛАНКІЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН САҚТАУ ТӘРТІБІ. 38
 
 
 
 
 
 


I.                  МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ
 
 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N258 Конституциялық заңы.
 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысы.
 
«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің        2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы.
 
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығы.
 
«Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 Қаулысы.
 
 


II.              МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ  ҚОЛДАНУ,
НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНА ШОЛУ
 
Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеу конституциялық норма болып табылады. ҚР Конституциясының 34-бабында: «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» деп көрсетілген. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»  ҚР Президентінің  Жарлығында да ел азаматтарының, сондай-ақ, оның аумағында жүрген адамдардың да ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын,  ҚР Мемлекеттік Туын және ҚР Мемлекеттік Гимнін құрметтеуге міндеттілігі анықталған. Оларды насихаттау және азаматтардың оларға құрметтік көзқарасын қалыптастыру ҚР Үкіметінің, облыс, республикалық маңызға ие қалалар мен астананың әкімдерінің міндеттеріне енгізілген. 
 
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығы
4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекеленеді.
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы
12-бап. Жергілікті атқарушы органның құзыреті
Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын ) бақылауды жүзеге асырады.
 
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы
20-бап. Баланың мiндеттерi.
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
 
«Жарнама туралы»Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
3. Мыналар:
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.
 
«Саяси партиялар туралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңы
2-тарау. Саяси партияны құру, қайта ұйымдастыру және тарату
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңы
5-тарау. Лицензиялау
28-бап. Лицензиялау салалары
1.       Лицензиялауға мынадай:
15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау;
 
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы
8-бап. Авторлық құқық объектiлерi болМамыртын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болМамырды:
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
 
«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы
10. Ант берудің салтанатты рәсімі тиісті қызметтік ғимараттың ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған залында өткізіледі.
Ант беру кезіндегі міндетті атрибуттар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы.
 
«Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығы
8. Банкноттар мен монеталар дизайны мынадай бейнелердiң бiрiнен және/немесе бiрнешеуiнен тұруға тиiс:
1) мемлекеттiк нышандар;
2) қазақтың ою-өрнегi немесе оның құрамдас бөлiктерi;
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Регламентіі
4-тарау. Парламент Мәжiлiсiнде бастапқы қарауға
жататын мәселелердi қарау тәртiбi
60. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды, оның iшiнде:
4) мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды.
 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысы.
Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды.
 
«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 862 Қаулысы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары жүзеге асырады.
 
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және арнайы штемпельдік бояуы бар мөрлерді, мөртабандарды есепке алу және беру журналы (15-қосымша).
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысы)
 
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру тәртібін айқындайды.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру
 
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):
1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;
4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;
5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;
5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);
6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;
7) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - белгiленген тәртiппен;
8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери жарғыларға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;
11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;
12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.
Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.
Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;
2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.
Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттiк Ту оның көлемiне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиiс.
Мемлекеттiк Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс.
Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болМамырды.
Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
4. Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылМамырды.
6. Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру
 
1. Мемлекеттік Елтаңба міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелері басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;
4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.
Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;
1-1) нотариустардың мөрлерiнде;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке куәлікте, туу туралы куәлікте, паспортта және өзге де паспорттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінде;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орналастырылады.
Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік Елтаңба оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік Елтаңба ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс.
4. Осы Конституциялық заңда белгіленгеннен басқа жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болМамырды.
Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарында пайдаланылуы мүмкін.
Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен шет мемлекеттердің елтаңбаларын немесе қоғамдық бірлестіктің, басқа да ұйымның елтаңбаларын (геральдикалық белгісін) бір мезгілде орналастырғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көлемі басқа елтаңбалардың көлемінен кіші болмауға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елтаңбалардан (геральдикалық белгілерден) төмен орналастырылМамырды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін орналастыру
 
МАҢДАЙША
 

«Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 Қаулысы.
Маңдайшаларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады (бейнесі емес, көлемді елтаңба).
Маңдайша кемінде 60x80 сантиметр мөлшерінде жасалуға тиіс. Қажет болған жағдайда маңдайшаның мөлшерін ұлғайтуға болады, бұл ретте 3/4 арақатынасы сақталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы маңдайшаның жоғарғы үштен бір бөлігінің ортасында орналастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі мынадай ара қатынасқа сәйкес келуге тиіс:
- көлденең орналасқан жағдайда: маңдайшаның биіктігі елтаңбаның диаметріне 1/5;
- тігінен орналасқан жағдайда: маңдайшаның биіктігі елтаңбаның диаметріне 1/6.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының астына маңдайшаның 2/3 бөлігінен төмен мемлекеттік органның атауы жазылады. Маңдайша мәтіні әріптерінің биіктігі кемінде 3 сантиметр болуы тиіс. Полотноның реңі көк түсті, ал әріптер алтын түсті болуға тиіс.
Маңдайшаның жиегі ені кемінде 3 сантиметр алтын түсті рамкамен қоршалады.
Егер мемлекеттік мекеме орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органның құрылымдық немесе ведомстволық бағыныстағы бөлімшелері болып табылса, онда маңдайшада мемлекеттік органның атауын көрсету қажет.
Осы жазба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының үстінде ортада орналасады. Жазбадағы әріптердің мөлшері кемінде 2 сантиметр болады.
Мемлекеттік органның атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде және басқа да тілдерде дайындалып, орналастырылған жағдайда олар бір-бірінен жеке орналасқан әртүрлі маңдайша түрінде жасалады.
Мәтінде шетелдік сөздерді, оның ішінде латын әріптерімен жазылған сөздерді, қысқартылған атауларды және аббревиатураларды пайдалануға болМамырды.
Маңдайшаны орналастыратын орын мемлекеттік органның атауы мен орналасқан жері туралы ақпарат беруге және оған кіретін жерді көрсетуге тиіс. Маңдайша ғимараттың қасбетінде үй-жайға кіреберістен 10 метр қашықтық шегінде немесе мемлекеттік орган алып отырған үй-жай шегінде орналасуға тиіс.
Жұмыс уақытының режимі, қабылдау кестесі және басшылардың тегі сияқты басқа да ақпараттық деректерді маңдайшаға немесе мемлекеттік органның атауымен қатар орналастыруға болМамырды.
Қасбеттегі маңдайшаларға кешкі уақытта жарық түсірілуге тиіс.
Маңдайшаларды мемлекеттік орган пайдаланудың бүкіл кезеңінде тиісті техникалық және эстетикалық жай-күйде күтіп ұстауға тиіс.
 
Қазақстан Респубикасының мемлекеттік рәміздерін ғимараттарда орналастыру
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын орналастыру кезінде ғимараттардың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер қолданылады:








Бір қабатты немесе кез келген қабатты ғимараттың күнқағарында
 
 
 

- ғимараттың фронтонында немесе кіреберіс күнқағарында ҚР Мемлекеттік туы (өлшемі 1х2 м)
 
- ғимаратқа кіреберіс күнқағар фронтонында ҚР Мемлекеттік елтаңбасы (диаметрі 500 мм)
2,3,4,5 қабатты ғимараттарда
(20 метрге дейін)
 
 
  

- ғимараттың төбесінде ҚР Мемлекеттік Туы (өлшемі 1х2 м)
 
- соңғы қабаттың төбе жабынының деңгейінде немесе фронтонында ҚР Мемлекеттік елтаңбасы  (диаметрі 1 м.-ден 1,5 м.-ге дейін)
6, 7, 8, 9 қабаты ғимараттарда (30метрге дейін)
 

- ғимараттың төбесінде ҚР Мемлекеттік Туы  (өлшемі - 1,5х3 м.-ден 2х4 м.-ге дейін)
 
- соңғы қабаттың төбе жабынының деңгейінде ҚР Мемлекеттік елтаңбасы (диаметрі 2 м)
9 қабаттан жоғары
(30 метрден жоғары)
 
 
  

- Ғимараттың төбесінде ҚР Мемлекеттік туы (өлшемі - 2х4 м және одан артық)
 
- Соңғы қабаттың төбе жабынының деңгейінде ҚР Мемлекеттік елтаңбасы (диаметрі 3 м және одан артық)
 
 
 
Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы  тутұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі
 

 
 
 
 
ҚазақстанРеспубликасының
МемлекеттікТуыменМемлекеттікЕлтаңбасыорналасқанғимараттарғатәуліктіңқараңғымезгіліндежарықтүсіптұруытиіс
 

 
Басшының кабинеті
 

Мәжіліс залдары
 

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы (өлшемі 1х2) лауазымды тұлғалардың кабинеттерінде Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасының  сол  жағында орналасады
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы (диаметрі 500 мм - 1000 мм) төрағалық етушінің жұмыс орнының артқы жағындағы қабырғада орналасады
Спич – трибуна
 

Ресми мәжіліс залдарындағы трибуналардың жоғарғы бөлігіндегі арнайы орындарда, диаметрі 250 мм Мемлекеттік елтаңба орнатылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Экспозиция және плакаттық өнімдер
 

 
ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған Экспозиция лайықты эстетикалық тұрғыда ресімделуі және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, адамдар жүретін жерлерден, гардеробтан алысырақ орналастырылуы тиіс.

Плакаттық өнімдер:бір деңгейде, сондай-ақ, олардың: Ту, Елтаңба, Гимн тәртібімен орналасу талаптары сақталуы тиіс.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мемлекеттік органдардың веб-сайттарында орналастыру
 


 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесіжергілікті өкілетті және атқарушы органдардыңвеб-сайттарында міндетті түрде орналастырылуы тиіс.
 

 
Веб-сайттарда олардың бір деңгейде, сондай-ақ,: Ту, Елтаңба, Гимн тәртібімен орналасу талаптары сақталуы тиіс.
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
 

32 сәуле

ҚазақстанРеспубликасыныңұлттықстандартыҚРСТ 988-2007 «ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікТуы. Жалпы техникалық шарттар».

9 қауырсын



9 қауырсын



9 қауырсын


3.2.2Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
3.2.3 Шұғылалы күнің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі алтын түсті болуы керек.([3] - №102 Uтүс атласына сәйкес болуы керек). Мемлекеттік Тудың матасы – көгілдір түсті ([3] - № 3125 Uтүс атласына сәйкес болуы керек).
3.3.1Мемлекеттік Туды мақта, зығыр, жібек, аралас және жүн маталардан, сондай-ақ химиялық талшықтар (жіптер) қолданылған маталардан дайындайды.        

3.4.1 Ту бұрышының біріне:
-дайындаушы-кәсіпорынның атауы мен мекенжайы;
-дайындаушының тауар белгісі (болса);
-бұйым атауы;
-бұйым өлшемі;
-дайындалған күні;
-осы стандарттың белгісі көрсетіліп, тауар құлақшасы жапсырылады.


САП, ТҰҒЫР
 
3.2.12.2Саптың беті тегіс және ақауларсыз болуы керек. Саптың түсі ту матасының түсімен үйлесуі керек. Сап өлшемдері ту өлшемдеріне пропорционалды болуы керек. Тұғыр мен саптың ұштығы мата және (немесе) символика элементтерінің (шұғылалы күннің, қыранның және өрнек бейнеленген тік жолақтың) түсімен үйлесуі керек.
3.2.13 Тапсырушымен келісім бойынша Мемлекеттік Ту әрлеудің әр түрлерімен: тудың матасы мен оның символикасы түсімен үйлесетін түрлі (жібек, синтетикалық) материалдардан жасалған шашақтардан дайындалуы мүмкін.
Сап, тұғыр мен ұштық металдан, ағаштан немесе пластиктен дайындалады
.


ҰШТЫҚ
 


Г қосымша
 

 
3.2.12.2Ту сабына пішіні мен өлшемі Г қосымшасына сәйкес ұштық бекітіледі (Биіктігі 245 мм).
Ғимараттың және үйжайдың ішіне орнатылатын Мемлекеттік Тулардың сабына және (немесе) тұғырына, қажетті мықтылық қамтамасыз етілетін тәсілмен ұштық бекітіледі. Ұштықтың пішіні, негізгі өлшенетін жерлері және өлшемдері  1м х 2м және 1,5м х 3м  болатын  Мемлекеттік Туларға арналған оның элементтерінің өлшемдері Г қосымшада келтірілген. Үлкен өлшемді Мемлекеттік туларды дайындау кезінде, ұштықтың өлшемі Мемлекеттік тулардың ұлғаю өлшемдеріне тура пропорционалды ұлғайуы тиіс. 


ЕЛТАҢБА
 

Қазақстан Республикасының ҚР СТ 989-2014«Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық талаптар»  ұлттық стандарты
4.2.4 Көлемді орындау кезінде Мемлекеттік Елтаңба алтын (координаттарына түстілік үлгісі CIELa
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив